Google өзінің Glass ақылды көзілдірігін нарыққа қайта шығарады



Екі апта бұрын Google белгісіз мерзімге Glass «ақылды» көзілдіріктерін сатуды тоқтатқан болатын.

Google компаниясының қаржылық директоры Патрик Пичетт 2014 жылдың 4-кварталындағы сатуды тоқтату гаджеттің нарыққа шығу стратегиясын қайта ойластыру және өнімді қайта ойластыруға қажет болды деп жариялады.

«Егер командалар өнімді дамыту жолындағы кедергілерден өте алмаса, бірақ біз өнімнің болашағы бар деп есептесек, командаларға тоқтап стратегияның қайта құрылуына уақыт береміз, біз Glass өнімімен дәл солай істедік. Егер жобалар біз қалағандай орындалмай жатса, біз жобаны тоқтатамыз және болашақта да басқа өнімдермен солай жасауымыз мүмкін», — деп жариялады Пичетт.



Google Glass алғаш рет 2012 жылы көрсетілген болатын. Ал жобаның іске асырылуы 2013 жылдың сәуір айында басталды. Бірақ 2015 жылдың қаңтар айында интернет-компания «ақылды» көзілдіріктер прототиптерінің сатылуын тоқтатты, және оның іске асырылуы Тони Фаделл басқарған пайдаланушылар құрылғыларымен айналысатын бөлімге берілетінін жариялады.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.