Youtube сайтында Flash HTML5 технологиясына ауыстырылды.



Google Youtube-плеерінің технологиясын Flash-тен HTML5-ке ауыстырды. Flash осыдан 10 жыл алдын Youtube сайтының ашылуына себепкер болған еді. Енді он жаңа технология ауыстырып жатыр.

Flash технологиясынан HTML5-ке өту үшін Google компаниясына 5 жыл қажет болды. Олардың айтуы бойынша жаңа технологияға көшу материалдарды жеткізуді 50-80 пайызға жақсартпақ. Google тағы да WebRTC және HTML5 пайдалану Live-таратуларды жүргізуді жеңілдетеді деп болжап отыр.

Flash технологиясын жасағандар оны 2011 жылы жерлеп тастаған болатын. Төрт жыл алдын Adobe корпорациясы Оттава қаласындағы офисін жауып Flash платформасының 750 бағдарламалаушысын жұмыстан шығарды. Осымен Flash технологиясының дамуы тоқтады.

Стив Джобс Flash технологиясын Apple мобильді платформаларына жолатпаған. Одан кейін Flash жасаушылар өздері де Apple платформаларында технологияны дамытудан бас тартты. Джобс Flash технологиясын төмен сенімділігі, қауіпсіздігі, жұмыс жасау жылдамдығына сын айтатын. Flash үшін аккумулятор заряды көбірек қажет болды.

Ал HTML5 технологиясында көрініс басқаша. Ол ойын консольдарында, Smart TV-да да бар және заманауи барлық дерлік браузерлерде бар. HTML5 2004 жылы пайда болды және стандарт тек 2014 жылы ғана аяқталды.

  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.