Google тауарларды дрондар арқылы жеткізуді сынақтан өткізіп жатыр


Сынақ АҚШ-та емес Автралияда, Квинсленд штатында өткізілуде. Дрондармен тапсырысты жеткізу далалық жағдайларда тексеріліп жатыр. Тауарды жеткізу үшін арнайы ұшқышсыз ұшатын аппарат жасалған. Оның қанаттарының құлашы 1,5 метр, вертикаль және горизонталь жазықтықтарда ұша алады.

Дрон берілген нүктеге жеткен соң, тауар жерге арнайы арқан арқылы түсіріледі, ол тауардың бұзылмауына мүмкіндік береді.



Ұшу кезінде жүк қанаттар арасындағы арнайы орында орналасады. Аппараттың жобаланған ұшу биіктігі: 40-60 метр. Құрылғының дәлдігі — есік босағасының өлшеміндей (яғни, құрылғы бірнеше 10 сантиметрге ғана жаңылысуы мүмкін).



Кейбір өңірлерде дрондарды пайдалануға заңмен тыйым салынғанына қарамастан (АҚШ-тың өзінде оған тыйым салынған) үлкен және орташа компаниялар дрондар арқылы тауарды жеткізуді сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, мұндай әдісті бұған дейін АҚШ және Европа компаниялары сынақтан өткізген (бірақ, көбісі заңмен тыйым салынғанға дейін).

Бұл мақала аударма, тұпнұсқа.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.