MadOut - қазақстандық жігіттердің туындысы


Біздің ARTA Software компаниясы, Қазақстан нарығында Astana Racer ойыны арқылы улкен танымалдылыққа ие болды, оған себеп біз осындай дәрежелі ойынды Қазақстанда алғашқы болып жасағанбыз. Айтайын деген хабарым, осы ойынды жасаған ARTA-ның бұрынғы бағдарламалаушылары Nuligine тобын құрып, бізге тағы бір ойынды дүниеге келтірді. Қарсы алыңыздар, жаңа Қазақстандық ойын — MadOut!



Madout — бұл бір-бірін қырып-жоюға мүмкіндік беретін автокөліктер жарысы. Қарсыластарды жою арқылы өзініздің автокөлігінізді және қаруыңызды жақсартасыз. Ойын арқылы қуғын мен соғыстың динамикасынан бірдей дәм татуларыңызға болады). Айтпақшы, сіздерге талғауға 13 автокөлік, 50-ден артық бірегей трассалар және әртурлі ауа райылық ерекшеліктер беріледы.

Ойынды Windows, Linux, Mac os операциялық жүйелерінде қолдануға болады.
Жақын арада мобильдік нұсқалар шығып қалуы да мүмкін.

Мына жерде осы ойынға дауыс беруіңізді сұраймын!

  • +2
2 пікір
Dinara
Қазақстанда мұндай ойынның шыққанына қуаныштымыню Деңгейі жақсы, мобильдік нұсқасын пайдаланар едім!
kamyrov
iOS нұсқасы шықты, қалған амалдық жүйелердің нұсқасы дайындалуда. Маған берілген ақпарат бойынша)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.