Жапонияда 4 метрлік 3D-принтер жасалды
- Bexaryuly
- Блог- Bexaryuly / 18 шілде 2014, 14:29
- 2108
Жапонияның компаниясы әлемдегі ең үлкен 3D-принтердің бірін жасады. Оның биіктігі 4 метрден астам, сонда ол адам бойының орташа статистикалық биіктігінен 2 еседен артық болып тұр. Бұл туралы Hi-News – ке сүйеніп, Новости ИТ жазып отыр.
Осы 3D-принтер бұрынғыдан ерекше және ол дельта класқа жатады. Дельта 3D-принтерлер – ерекшелігі конструкциясына қатысты 3D-принтер. Әдетте мұнда конструкцияның табанына арнаулы шарнирлер арқылы бекітілген үш (бағыттауыш) қол пайдаланылады.
Мұның қызығы, осы 3D-принтерлер өз құрылымы бойынша дельта-роботтардың жетілдірілген версиясы болып табылады. Дельта-роботтардың артықшылығы, оларда роботтың атқарушы құрылғысының кеңістіктік бағдарын сақтауға және жұмыс өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін манипулятор конструкциясында параллелограмдардың қолданылуы.
Мұндай роботтар әдетте, жоғары еңбек өнімділігін талап ететін қаптаушы, сұрыптаушы, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіптерде қолданылады.
3D принтер жұмысын мына жерден көріңіз: www.youtube.com/watch?v=dDt7smkU4yE
Дереккөзі: it-mbeks.ru/

-
+1