Ақпараттық технология әлемі - ғаламдық өнертабыстың қайнар көзі

Біздің елдің ғылымға, білімге ұмтылған әрбір төл ұланы осы саланы терең де түпкілікті меңгеруге бар қажыр-қайратын, ақыл-ойын жұмсауы қажет. Ол үшін осы сайт оқырмандары мен әкімшілігі айтып жатқандай, барлық мамандар болып Программалау тілдері, веб-сайт жасау, озық технология жасаушылар мен олардың өнертабыстары жайлы кеңінен өз тілімізде шолулар, мақалалар, оқу-әдістемелік материалдар, бейнесабақтар мен бейнефильмдер, қызықты да тартымды әңгімелер және т.б жариялауымыз керек. Мен де осы бағытта жұмыс жасап жатырмын, осы жылдың бас кезінде сайт аштым. Ол сайттың атауы — it-mbeks.ru. Сіздер бұл сайттан IT әлемінің ең соңғы жаңалықтарын, Ақпараттық технология әлемінің Б.Гейтс, С.Джобс, Майкл Делл, Скотт Мак Нили, Джерри Сандерс сияқты алпауыт компанияларды құрушылармен және бағдарламалау өнерінің майталмандарымен, Бағдарламалық жасақтама жасаушылармен, Алғашқы компьютер жасаушылар өмірімен, Интернет желісін ойлап тапқандармен, Есептеу құрылғыларын жасаушылармен және олар жайлы қызықты деректермен, Информатика саласы бойынша әдістемелік материалдармен (бейнесабақтармен), пайдалы кеңестермен және т.б таныса аласыздар. Танысып қана қоймай оларды қалауыңызша кәдеңізге жаратсаңыздар, пікір білдірсеңіз тіпті жақсы болар еді!

  • +1
1 пікір
kamyrov
Аға, осындай сайт жасап жатқаңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Материалдары көп екен). Сіздің сайтыңыздағы кейбір жаңа жаңалықтарды Codeo-ға көшіріп отырсаңыз нұр үстіне нұр болатын еді)). Рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.