Қазақстанда интернетті пайдаланушылар саны 10 миллионнан асты

Осы ақпарат қаншалықты рас. Қандай жағдай немесе қандай санақ арқылы есептеу жүзеге асырылынады?

Қазақстанда интернетті 10 млн. астам адам пайдаланады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстандық БАҚ және интернет-ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты семинар-тренингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков мәлім етті.

Б.Кальянбековтің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда интернет пайдаланушылардың саны артып келеді. «Соңғы 10 жылда дүниежүзінде интернет-пайдаланушылардың саны 5 есеге дейін күрт өскен. Қазақстанда да интернет қарқынды дамып келеді. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметі бойынша, 2013 жылы наурыз айында Қазақстанда интернеттің кірігу деңгейі 62,3 пайызды құраған. Бұл шамамен 10 млн. астам адам», — дейді ол.

Комитет басшысының атап өткеніндей, соған байланысты интернетте отандық контенттің қалыптасуы да заңдылық.

«2010-2013 жылдар ішінде сайттар мен KZ және KAZ домендерінің аумағы екі есеге көбейген. Қазіргі уақытта елімізде 95 мыңнан астам домен тіркелген. Яғни бүгінгі таңда интернеттің қазақстандық сегментінде осыншама сайт бар деген сөз», — деді ол.

© ҚазАқпарат

  • 0
2 пікір
asaubota
17 миллионның жартысы қарттар мен балалар. қалған жартысының жартысы ауылда немесе жалпы интернет қолданатын мүмкіндігі жоқтар.

сенбеймін. 10 млн болуы мүмкін емес
qarabala
2014 жылы ауылдық жерлерге жоғары жылдамдықты интернет баратын болса, бұл статистика шынымен шындыққа жанасуы мүмкін шығар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.