avatar
Ол туралы shainek жеке мақала жазса болатын сияқты ) әр түрлі фреймворктарды салыстырып )

avatar
Мен бұған сене алмаймын, қазір қолымда үлкен көлемді деректер қоры жоқ, жұмысқа барғанда эксперимент жасап көремін. Менің ойымша бұлай болуы мүмкін емес.

avatar
Иә, 26 Гб мысал ретінде алынған, бірақ сондай көлемнің өзінде құрал көп уақыт тежейді. Ад үлкен көлемді мәліметтерде таптырмас құрал деп айтар едім. Ол туралы автор да жазып қалар.

Тағы да бұл олардағы тек бір ғана құрал емес, тағы көптеген пайдалы утилиталар бар, қарап көруге болады.

avatar
Сіз шынымен gzip mysqldump уақытын жылдамдатады деп ойлап тұрсыз ба? Сонда, архивтейтін бағдарлама, файлды дискке жәй жазудан гөрі тез жұмыс атқара ма? Кейін сіз бірінші пікірдегі сұрақтарға жауап бермедіңіз…

Сіздің критикаңызды құрметтеймін, көңіліңізге жақын алмаңыз, сайтқа қош келіпсіз, сіз сияқты пікірталасатын адамдар көп болғаны жақсы ))

avatar
2 GB => max 20 секунда
Компьютеріңіз өте қуатты сияқты, егер осындай көрсеткіш көрсетіп жатса.

avatar
Мхм, тек бір ғана сұрақ, деректер қорының өлшемі 100Гб-900Гб немесе одан да көп болса не істейсіз? Сонда да mysqldump қолданасыз ба?

avatar
Сіз де кешірерсіз, бірақ сіз мақаланы толық оқып, оның не үшін жазылғанын түсінгеніңізге сенімдісіз ба?

Mysql-ге тікелей қосылу мен SSH-мен серверге қосылудың айырмышылығын білемін. Мен тек ssh-ны mysql-ге (виртуалкадағы немесе сервердегі mysql-ге, яғни localhost-тағы емес, ЯҒНИ қашықтықтағы) қосылуда қосымша құрал ретінде пайдалануды ұсынып/көрсетіп отырмын. Күнделікті орындалатын жұмысты жеңілдету үшін (әсіресе, егер сіз күніге 10 даған сервердегі mysql-ге қосылып тұратын болсаңыз)

-h туралы не үшін жазғаныңызда мүлдем түсінбедім, мен оны мақалада басқаша қызмет атқарады деп жаздым ба немесе оны дұрыс пайдаланбай отырмын ба? ал -h 127.0.0.1 деп мен біздің қайда қосылып жатқанымызды нақты көрсету үшін жазып отырмын.

Мынау үшін енді рақмет: mysql -u root -pxxxx --socket=/path/to/mysql/socket.sock, өйткені, мен оны осыған дейін пайдаланып көрмеппін, ал оны басқа серверде тұрған mysql үшін қалай пайдаланады? және мен не үшін әр қосылу кезінде сокеттің файлын іздеп отыруым керек? одан алдыңғы әдіс әлдеқайда жақсы емес па?

avatar
Күрделі парольдерді пайдаланыңдар деп 20 жылдан бері айқаласа да «123456» бірінші орында тұр )) Одан да сервистерде осындай парольдерді қоя алмайтын қылу керек сияқты

avatar
сенен бір мақала күтеміз онда )

avatar
asaubota мақала жазудан да, пікір жазудан да жан салмайды екен алдына ))

avatar
Олай жылдам жаңарып отыруы үшін өкінішке орай деректер қорына тікелей байланыс қажет, мен сияқты мәлімет жинау өте баяу жүреді.

avatar
Оны yerbol89 ұсыныс жасау керек. Мынау туралы не айтасың? )

avatar
Аха, алдын дайындап, ашық қолжетімді жерге қоямын. Мақалада жазып қалдырамын істеген кезде.

avatar
Тамаша, жарайсың!!! Видеосымен жасасаң өтеее өте тамаша болады екен, келесі мақалаларды асыға күтеміз.

avatar
Кітап оқып, почтамен хат жолдайтын едік )))

avatar
осы hoster мен ps-ті кім салыстырып бере алады, тәуелсіз сарапшы болып?

avatar
Барлығы хостерден жауап күтіп жатыр, бірақ мұнда хостер ештеңе істемесе де болатын сияқты

avatar
Флеш Хромда үнсіз келісім бойынша орнатылған болуы керек (Firefox сияқты емес), сондықтан бұл жөнінен қиындықтар болғанын көрмегенмін. Ол олай жұмыс жасамай қалудан бұрын қандай әрекет жасаған едіңіз?
Кейін сіз айтып тұрған Ubuntu 14.10 да ма немесе басқа дистрибутив па?

avatar
Тақырып көбінесе интрига үшін жазылады, көңіліңізге алмаңыз )))

avatar
Мұнда негізі Ербол adblock-ты толық алып таста деп жатқан жоқ, тең өзіңе ұнайтын, құрметтейтін сайттарға өшір деп тұр ))