Silicon valley сериалының мотивациялық мәні



HBO арнасында 3-маусымы жүріп жатқан Silicon Valley сериалын көргендеріңіз бар ма? Көрмесеңіз міндетті түрде көріңіз. ІТ саласындағы әр адамға идея, мотивация бере алатын сериал деп ойлаймын. Одан бөлек тренинг деуге де болады кей тұстарын. Стартаптар, бизнес пландар, командалық жұмыс, бәсекелестермен күрес, инвесторлармен сөйлесу, барлығы жақсы көрсетілген.

28 минуттық қысқа сериал, комедия жанрында. Кастингті өте мықты істеген, актерларды шынымен ІТ маманы деп ойлап қаласыз.

Сериалдың танымалдығы соншалық — бірнеше студия аударып, өз нұсқаларын шығарған. Маған ұнағаны «Кубик в кубе» студиясының аудармасы болды.

Онлайн қарауды мына жерден ұсынамын: dolina-online.ru

Сериалдан үзінділер де қоя кетейін.

Сіз жұмысыңызды осылай суреттеп бере аласыз ба? ;)


Ал, мынау сериалдың ең маңызды жерлерінің бірі. Идея қалай туады?

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.