Telegram өзінің бот платформасының ірі жаңартылуы туралы жариялады

Telegram мессенджерін жасаушылар бот платформаның Bot Platform 2.0 деп аталатын үлкен жаңартылуын шығарды. Енді пайдаланушылар боттармен алдын ала дайын жауаптар арқылы сөйлесе алады. Сонымен бірге енді боттарды басқа пайдаланушылармен сөйлесу кезінде пайдалануға болады.

Осы жаңа мүмкіндіктерді көрсету үшін компания Youtube және Foursquare үшін боттар жазған.

Енді боттарға арнайы дайын тұрған жауап нұсқалары арқылы жауап беруге болады. Алдын ол үшін бағдарламалаушылар арнайы пернетақта құрулары қажет болатын.



Енді басқа пайдаланушымен сөйлесу кезінде, ботты тура сол жерде шақырып, пайдалануға болады. Мысалыға, @music деп теріп бастап, бот көрсеткен музыкалардың бірін пайдаланушыға жібере аласыз.



@youtube боты осыған ұқсас түрде жұмыс жасайды. Ол арқылы youtube сайтынан видео іздей аласыз. Сонымен бірге ютубе аккаунтыңызға кіру мүмкіндігі бар.



Енді боттар пайдаланушының локациясын көре алады. Ол мүмкіндік @foursquare ботында пайдаланылады. Яғни, өзіңізге жақын орналасқан демалу орындарын қарай аласыз.



Барлық өзгерістер тізімін мына жерден қарауға болады. Бұл боттар 2015 жылы пайда болғаннан бергі ең ірі жаңартылу.

  • +4
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.