Google iOS үшін кіріктірілген іздеу қызметі бар пернетақта шығарды

Google Gboard деп аталатын iOS жүйелеріне арналған пернетақтасын шығарды. Пернетақтаға іздеу қызметі кіріктірілген, жазу кезінде сіз ешқайда кетпей мәлімет іздей аласыз.

Gboard пайдаланушылары видеороликтар, мекемелердің мекен-жайларын және т.б. мәліметтерді іздеп сұхбаттасушысына бірден жібере алады.



Сонымен қатар, саусақты пернетақтадан көтермей сөзді теру, сөз бойынша эмодзи смайликтерін іздеуге болады.


Google-нің айтуы бойынша іздеу нәтижесін жіберу кез-келген мессенджерде, email клиенттерде жұмыс жасай алады.



Бағдарлама App Store-да бар, алайда ол қазір тек АҚШ тұрғындары үшін ғана қолжетімді.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.