Google Chrome мобильді браузерінің пайдаланушылар саны 1 миллиардтан асты



Бүгін компания Chrome мобильді браузерінің пайдаланушылары туралы статистиканы жариялады. Android және iOS жүйелерінің қайсысында қанша пайдаланушы екенін әлі компания айта алмайды. Әрине, оның негізгі пайдаланушылар саны Android жүйесінде.

Осы мәліметке қоса компания браузердің пайдаланылуы туралы қызықты инфографика жариялады:
  • Ай сайын 771 миллиард веб бет ашылады;
  • Іздеу сұраныстарын автоматты түрде аяқтау функциясының арқасында ай сайын 500 миллион символ үнемделеді;
  • Chrome трафик үнемдеу функциясына байланысты ай сайын 2 миллиард Гбайт мәлімет үнемделеді;
  • Ай сайын 3.6 миллиард бет автоматты түрде пайдаланушы тіліне аударылады;
  • 9.1 миллиард форма және парольдер автоматты түрде толтырылады;
  • Chrome 145 миллион рет пайдаланушыны мәлімет ұрланудан сақтап қалған;
  • Chrome ақауын тапқаны үшін 2.5 миллион доллар сыйақы төленген.


  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.