Google ресми түрде Android 7.0 Nougat операциялық жүйесін шығарды

Google ресми түрде Android 7.0 Nougat операциялық жүйесін шығарды. 22 тамыздан бастап Android Nougat шетінен Nexus 5X, 6P, 6, 9, Player және Pixel C планшет-трансформерінде қолжетімді болады. 2013 жылы шығарылған Nexus 5 және 7 жаңартылмайды.



Nougat бірінші болып LG V20 смартфонына орнатылады.

Google Android 7.0 жүйесін осы жылдың наурыз айында таныстырды, сол кезде жүйені тестілеу басталған болатын. Nougat жүйесінің ерекшелігі ретінде компания экранды бөліп бірнеше бағдарламаны пайдалану мүмкіндігін айтып жатыр, сонымен бірге хабарламалар жүйесі де жақсартылған.



Android 7.0 «виртуалды шындық» VR Mode режиміне де ие болды. Ол кейінірек шығарылған телефондармен жұмыс жасай алатын болады. Google сонымен бірге жүйенің өнімділігін және энергия пайдалануы жақсартылғанын да атап өтті.


  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.